0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Шымкентте зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының тағы бір бөлімшесі ашылды. “Халықаралық қарттар күніне” орай ашылған нысанның ресми салтанатына шаһар басшысы М.Әйтенов қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Қала әкімі құттықтау сөзінде жылы лебізімен қатар, қарттарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық пен көмектің көлемі жыл сайын артып отырғанын және бұл бағыттағы жұмыстар Президент саясатындағы басым рөл атқаратын бағыттарының бірі екенін жеткізді. Міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар болады. Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуді (жинақтаушы зейнетақы корларға) жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге де қызметтермен айналысатьш жеке тұлғалар жүзеге асырады. Ерікті зейнетақылық жарналарды жеке және заңды тұлғалар зейнетақылық шарттарға сәйкес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейді.

Жаңадан ашылған бөлімше Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан. Жартылай стационарлық жағдайда екі ауысым бойынша 140 азаматқа дейін қызмет көрсетіледі. Ардагерлер мұнда дәрігерлік тексеруден өтіп қана қоймай, ART терапия, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терапиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру сияқты сауықтыру шараларынан өтеді. Сонымен қоса бос уақытты ұйымдастыруға арналған бильярд,теннис, садақ ату, бассейн, массаж, тренажерлық қызмет түрлері де қарастырылған. Жалғызілікті жандарға арналған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді.

“Белсенді ұзақ өмір”орталығының бөлімшелері қаладағы 4 ауданның үшеуінде Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында ашылған. Абай ауданы бойынша тағы бір бөлімшенің лентасы келесі жылы қиылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ОТБАСЫ – ШАҒЫН ОТАНЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

smarttop

ҚҰРЫЛЫСТЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕДЕ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

«5-10-20» ТҰРҒЫН ҮЙ НЕСИЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру