Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасына жаңа прокурор тағайындалды. ҚР Бас әскери прокурорының бұйрығымен бұл қызметті әділет полковнигі Ғалымжан Төлеұлы Маханбетов атқаратын болды.
Әділет полковнигі Ғалымжан Төлеұлы Маханбетов 1974 жылы 27 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Құқық қорғау органдарындағы жұмысын Шымкент гарнизоны бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу бөлімінің (МТК) тергеушісі болып бастады.
Әскери прокурор өз сөзінде, барлық аймақтардағы әскери прокуратуралардың Отан игілігі жолында аянбай еңбек етіп, бүгінде өздері жасаған сол еңбектің жемісін көріп жатқанын, әскери бөлімшелердің арасында құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын, сондай-ақ бір кездері Шымкент гарнизонының әскери прокурорлары болған құрметті ардагерлер жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды еңбек сіңіргендерін атап өтті.
Қазіргі уақытта гарнизонның әскери прокуратурасы әскери басқару органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасауда, өз кезегінде олармен бірлесе отырып, әскери қызметшілердің арасында әскери құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдайды.
1997-2000 жылдар аралығында Шымкент гарнизоны бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу бөлімінде тергеуші және аға тергеуші лауазымдарында қызмет атқарды.
2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әскери прокуратура органдарында қызмет өткеруде. Көрсетілген кезеңде Шымкент гарнизоны және Батыс өңірі әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Шымкент, Гвардейск және Талдықорған гарнизондары әскери прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарды. Қызылорда
2019 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда гарнизоны әскери прокуроры лауазымын атқарған.
ҚР Бас әскери прокурорының 2022 жылдың қыркүйегіндегі бұйрығымен Шымкент гарнизоны әскери прокуроры лауазымына тағайындалды.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі