9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты үйлердің құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Бұған дейін No 9,10,11,12 тұрғын үйлердің құрылысы мерзімінде аяқталмағаны үшін әкімдік тарапынан жауапты мердігер мекемелерге ескертулер беріліп, айыппұл салынған болатын. Бүгінде олқылықтық орны толтырылып, жұмыстар аяқталуға жақын.

Тұрғын үй құрылысы — тұрғын үйлер, тұрақты тұрпаттағы жатақханалар, мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер, балалар үйлерінің жатын корпустарын, т.б. салу. Тұрғын үй қаласының көлемі іске қосылған, пайдалануға берілген жалпы және тұрғын алаңының шаршы метрімен, салынған пәтерлердің, үймереттердің санымен сипатталады.

Статистикалық қадағалау нысанында салынған тұрғын үйлердің көріктілігі, қабаттылығы, жайлылығы деңгейінің көрсеткіштері де қамтылады. Қазақстанда тұрғын үй нарығының қалыптасуы, соның ішінде тиісті несие-қаржы тетігінің әзірленуі елдегі эконоимка реформалардың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірте-бірте өрістетілуіне байланысты беймемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын, ең алдымен халықтың меншікті қаражатының тартылуын ынталандыру шаралары қолданылды.

Қала басшысы аталған орталықтағы бірнеше нысанда құрылыс барысын тексеріп, оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген 9 қабатты No 13,14,15,16 тұрғын үйлер құрылысы мен аталған аймақтың солтүстік беткейіндегі 21,5 га жерде бой тіктейтін жаңа көпқабатты үйлердің инженерлік жүйелерін тарту жұмыстарын қадағалап, тапсырманың тиісті мерзімде бітуін талап етті.

-Шымкентте 49 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұрғанын ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытуға бар күш жігерімізді салуымыз қажет»,-деді М. Әйтенов.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯ ІРІ ҚОҚЫС ӨҢДЕУ КЕШЕНІН САЛУ ЖОБАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

smarttop

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру