16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

❇️ Шымкентте жұмысшы және кәсіби мамандықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі басталды. 🔷 Кәсіптік техникалық мамандықтардың деңгейін арттыратын жобаға Қазақстан 2015 жылы алғаш рет қатысып, халықаралық деңгейде жүлделі орын иегері болған. Жоба аясында қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру көзделген. Іс-шара сәуірдің 17-21 аралығында қаладағы 13 жетекші колледж базасында өтеді. Кәсіптік салада жан-жақты, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлауда дуалдық оқыту жүйесі тиімді болып тұр, өйткені бұл жүйе болашақ мамандардың өндіріске қажетті дағдыларын колледжден бастап қалыптастырады.Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беруге айрықша мән беріліп отыр. Себебі қызмет көрсету саласының кадрлары —  елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін кәсіпқой жұмысшылардың орта буыны. Елімізде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы да осы мақсатпен қолға алынған. 🔷 Аймақтық кезеңге 45 құзыреттілік бойынша 204 үміткер қатысуда. Чемпионат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика бағыттары бойынша өтуде.Чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалайды. 🔷Іс-шара аясында 9-11 сынып оқушыларына «Ашық есік» күндері өткізіледі. Жобада білім ұйымдарының материалдық- техникалық базасы мен жетістіктері таныстырылып, инновациялық көрме ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар

В ШЫМКЕНТЕ ЛИКВИДИРУЮТ ПОСЛЕДСТВИЯ СИЛЬНОГО ВЕТРА

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА 25 ТЕГІН WI-FI ОРНАТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру