Бүгінде Абай ауданы Қызылжар тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Алапта 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды.
Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Базалық станцияны басқарушы сервер базалық станция мен абоненттерді басқару, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда абоненттер тарификациясы жүргізіледі. Базалық станция қызмет көрсету аумағында абоненттермен байланыс орнататын құрылғы болып табылады. БС – басқарушы арналардан, антенналардан, көпарналы қабылдау-таратқыш аппаратурасынан, коммуникациялық ин тұратын беру жүйесі. Жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда Шымкент қаласының 92%-ы сапалы интернетпен қамтылғанын жеткізуге болады. Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының дерегінше, 2020 жылы интернет сапасы төмен және шалғай орналасқан Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станциялар орнатылды. Осымен қортындылайтын болсақ, 11 елді мекен 51700-ге жуық қала тұрғындары сапалы интернетпен қамтылды.
Тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселді: Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3.
Жарықтанырылған көшелер саны — 3. Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі