1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев №106 мектеп мұғалімдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы аясында атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Қайнар бұлақ тұрғын алабында өткен жиында халық қалаулысы Президенттің Жолдауындағы бастамалар халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететінін айтты.
–Мемлекет басшысы өз Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшері өсетінін жеткізді. «Еңбекақының нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатының басты факторы. Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді» деген еді. Алдағы уақытта зейнетақы жүйесі де қайта жаңғырады. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, жоғары шегі 120 пайызына жетеді. 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтуге мүмкіндік береді. Демек, 2 миллионға жуық азаматтың табысы артады. Зейнетақы мөлшері көбейеді. Бұл әлемде орын алып жатқан саяси оқиғалардың салқынын қымбатшылық арқылы сезіп отырған бұқараға көрсетілген қолдау. Перзиденттің осы Жолдауы әлеуметтің әлеуетіне тікелей әсер етері анық, — деді Т.Балтабаев.
Аталған білім мекемесінің ұстаздары да Жолдауды жылы қабылдағанын, Президенттің әр бастамасына үмітпен қарайтынын жеткізді.
–Әр Жолдау жарияланғанда ықылас қойып тыңдаймыз. Қ.Тоқаевтың барлық бастамасынан зор үміт күтіп, әділетті, бірлігі бекем болған жаңа мемлекеттің қалыптасып жатқанына қуанамыз, — деді №106 мектептің мұғалімі Зухра Дүйсенбекова.
Жиын барысында Қайнар бұлақ тұрғын алабының инфрақұрылымы, мектепте қосымша білім мен үйірмелер үшін орын тапшылығы, балабақша және демалыс аймақтарын салу мәселесі талқыланды.

Мәслихат депутаты Т.Балтабаев ұстаздар көтерген мәселе жөнінде тиісті басқарма мен аудан әкіміне депутаттық сауал жолдауға, әр айда халықпен жиі кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беруге уәде берді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

БІР ӨҢІР-БІР БАҒЫТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ДҮБІРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙДІ

smarttop

Пікір қалдыру