0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Футбол ойнап жүрген жігіттің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен азамат анықталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында, стадионының алдында тұрған «Нексия» маркалы көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.
Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Тәртіп сақшылары, небары тәулік ішінде жәбірленушінің көлігі тұрған орын мен және күдіктінің жеке-басын анықтады.
Яғни ұрланған көлік көше бойындағы дүкеннің алдынан табылды.Анықталғандай күдікті мас халде келе жатып стадионның алдында есігі кілттеусіз тұрған көлікті көріп, мініп кеткен. Бұл сәтте автокөлік иесі сол стадионда футбол ойнап жүрген. Кейіннен қайтар уақытында көлігінің жоқ екенін көріп, бірден сақшыларға шағымын жеткізген. Көлік иесіне қайтарылды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДА ДӘСТҮРЛІ «ТАМЫЗ КЕҢЕСІ-2024» ӨТТІ

smarttop

ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Пікір қалдыру