Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БАС ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің арнайы қатысуымен Шымкент қаласының бас шыршасын жағу рәсімі өтті.

Салтанатты кеште «Жаңа жыл алдындағы ертегі әлемі» қойылымы сахналанып, ертегі кейіпкерлері шеру жасады. Сондай-ақ «Ертегілер» және «Новогодние игрушки» әндері орындалды.

Мерекелік кеш барысында «Астана» алаңына жиналған көрермендер Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырды. Күймемен келген басты кейіпкерлерді 40 қоян киімін киген кейіпкерлер күтіп алды. Осы сәтте қала әкімі бас шыршаның шамын жақты.

Салтанатты іс-шара жалпы флешмоб биімен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты. Шымкент қалалық Мәдениет үйінің әртістері қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау үшін өз өнерлерін ортаға салды. Ал бүлдіршіндер әсем безендірілген шыршаны қызықтап, айнала жүріп тақпақ айтты.

Ұқсас ақпараттар

ХӘКІМ АБАЙ АТАМЫЗДЫҢ МУЗЕЙІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 600 азаматты анықтады

smarttop

Пікір қалдыру