0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛДА 5 ЕМХАНА, 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНИТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі  Үкімет отырысында “Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасын іске асыру бойынша баяндама жасады. М.Әйтенов қала тұрғындары үшін жасалынып жатқан жобаны қадағалауды тапсырды.

“Соңғы 8 айда белгіленген 9 индикатордың 8-і орындалды. Бір индикатор бойынша – «Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы» туралы мәлімет 2023 жылы шығады”-деді әкім баяндамасында.

Соңғы жылдары қалада туу көрсеткіші жоғарылап, аяғы ауыр келіншектер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажы 73%-дан 100%-ға өсті. Дерекке сәйкес, шетінеген нәрестелер саны да жоспарлы индикаторға әсер етуде. Дегенмен болжам шегінде.  Медицинада ең бастысы халық жағдайы. Осы мәселеде  тіркеу бөліміндегі адам санының көптігінің ескерсек, орын жеткіліксіз екенін қарауға болады. Ең маңызыдысы  денсаулық сақтау шарасы бойынша қаншама ескертулермен шаралар арқылы жұмыс жүргізуде.Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды.

Түркістан облысының негізгі денсаулық сақтау ұйымдары Шымкентте орналасқан. Сол себепті өлім көрсеткіші қалада тіркеледі. Ал Ұлттық статистика бюросы бұл мәліметтерді түзетіп отырады.

Шаһар басшысы сәбилердің өмірін сақтап қалу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Биыл Шымкентте балалар үшін 10 мобильді педиатриялық бригада құрылды. Емханаларда отбасын жоспарлау және баланы дамыту кабинеттерінің саны 2 есеге артты.

Алдағы 3 жылда 5 емхана, 200 төсектік заманауи периниталдық орталық, университеттік аурухана мен 700 адам қабылдайтын орталық салу жоспарда бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

smarttop

Балалар үйіндегі жасөспірімді туысының атына жаздырып беремін деп алаяқтық жасаған күдікті 7 жылға сотталды

smarttop

Сайлауда халықаралық бақылаушыларды акредиттеу мәселелері бойынша есебі тыңдалды

smarttop

Пікір қалдыру