9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті.

Соның бірі — Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы. Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда.

Ең бастысы  осы  тұрғын алаптардың қауіпсіздігі үшін жасалған,  екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады. Арықтарды қолданудың басты себебі, ол ауа-райына қатысты. Маңыздысы осы  ирригациялық жүйелер арқылы  көрсете алады. Арықтардың  ауа-райына байланысы жауын шашын мөлшерінің түсуіне дайын болуын қамтамасыз етуін талап етілді. Арықтардың тасуына байланысты керекті амалдарды жасауын сұрау арқылы берген тапсырмаларын орындауын жоспарлады.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті. Ол: “Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз және мол жауын-шашын жауғанда дайын болу үшін аумақтағы арыз-атыздар салынып бітуі керек”,-деді.

Айтып өтейік, былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шқ ирригациялық арықтар орнатылды. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шқ құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазірге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шқ болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын. Олар: Қарабастау т.а. Бойыт ата, Қаратөбе т.а. Гулабад, Қаратөбе т.а. Наурыз, Тоғыс т.а. Керуенсарай, Бадам-1 т.а. Досметов, Ш.Уалиханов №190, Қызғалдақ,Теріскей №47, Сайрам №38а, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол.

Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

 

Ұқсас ақпараттар

ДОСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

smarttop

САПАЛЫ СУМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТЫЛАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

smarttop

КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру