16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ 5-ШІ СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев 5-ші сектор тұрғындарымен (Темір жол вокзалы аумағы, МЖК, ескі автовокзал аумағы) кездесті. Ең алдымен аудан әкімі аталған аумақта атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндап, бүгінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100% жеткендігін атап өтті.
«Биыл 5-ші секторда біршама тындырымды істер атқарылды. Атап айтқанда, аумаққа 6 балалар ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнатылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 3 көшеге асфальт салу жұмыстары сәтті аяқталды. Кәріз жүйесіне келсек, бүгінде Хлопзавод көшесін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді»,-деді аудан әкімі.

Бұл жылғы жоспар бойынша 16,9 шақырымды құрайтын 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі де, 33 көшеге шағал тас төселеді. 2023-2024 жылдарға 48 көшені асфальттауға ұсыныс берілген. Осылайша осы жылы сапалы жолдар үлесі 88 пайызға, 2024 жылы 100 пайыздық көрсеткішке жетеді. Есепті кездесуде аудан әкімі санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін аудан 7 секторға бөлінген. Мұнда ішкі орамдық көшелер аптасына 2 рет, 172 қоқыс жәшігі күніне 3 рет, 425 қоқыс жәшігі күніне 2 рет, көп қабатты тұрғын үй аулалары аптасына 4 рет қоқыстан тазартылады. Көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау мақсатында биыл 6 ай көлемінде: 1750 дана ағаш қырқылған, 11 420 ағаш әктелген, 100 413 дана гүл және 3300 ағаш отырғызылған. Жыл соңына дейін 180 мың түп гүл, 8 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Айта кетейік, шаһар басшысы жиын соңында тұрғындарды толғандырған өзекті сауалдарға жауап берді.Кездесуде аудан тұрғындары балалар алаңшасын салу, көшені жарықтандыру, қоқыстың уақытылы шығарылуы, жылыту маусымына қатысты мәселелерін көтерді. Барлық мәселелер хаттамаға түсіріліп, Рашид Мамытұлы жіті бақылауға алатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

БІЛІМ, ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА:

smarttop

ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ОҢ ӨСІМ БАР

smarttop

Пікір қалдыру