4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Шымкентте биыл жыл басынан бері, жоспарға сәйкес ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге басымдық берілуде.
Нақтырақ айтар болсақ, Әл-Фараби ауданына қарасты Сапарбаев көшесін жөндеуден өткізу өтініші қала әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуінде айтылған болатын. Нәтижесінде шаһар басшысының бекіткен іс-шара жоспарына енгізіліп, ұзындығы 450 метрге жуық Сапарбаев көшесінің тұйығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 247-сінде жұмыстар толығымен аяқталған. Ал, қалған 39 көшеде қазан айының соңына қарай жөндеу жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
2021-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қала аумағындағы елдімекендердің көшелері түгел орташа жөндеуден өткізілетін болады.

Салынып жатқан жол сапасын Шымкент қаласының әкімі арнайы барып тексеріп, тұрғындармен кезесті, арыз-шағымдарын тыңдады.

“Жол активтері сапасының ұлттық сапа орталығына” асфальтбетон қабаты бойынша сараптама жүргізуді тапсырған шаhар басшысы, жол салу жұмыстарының әр кезеңінде сапа бақылауының маңыздылығына тоқталып, жоспарға сәйкес, магистралды көшелерімен қоса, ішкі орам көшелерінің сапасы басты назарда екенін атап өтті.

Келушілер арасында әлеуметтік дүкен ашу, қонақ үймен қатар емхана салуға инвестор болу, суреттерінің жобасымен таныстыру, Бас жоспарға қатысты өзгерістер ендіру, қаланың өркендеуіне қатысты идеяларымен бөлісіп келгендер де болды.

М.Әйтенов әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындарды бірыңғай қабылдауы әр айдың бірінші сәрсенбі күні өтуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БАЙЛАНЫСТЫҢ НАШАР БОЛҒАНЫ ҮШІН ОПЕРАТОРЛАРҒА САЛЫНАТЫН АЙЫППҰЛ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

smarttop

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ БАЯНДАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА !!!

smarttop

Пікір қалдыру