7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Шаһар басшысының қала аумағындағы жасыл желек көлемін ұлғайту тапсырмасына орай, көшелерге, аулалар мен саябақтарға ағаш көшеттерін егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, Орталық, Абай, Тәуелсіздік саябақтарына және Чернобыль құрбандарын еске алу мен А.Асқаров атындағы дендрологиялық паркіне жалпы саны 250-дей туя, арша, жай жапырақты ағаш көшеттері отырғызылып жатыр.

Шымкентте 2022 жылдың 5 қарашасынан бастап жаппай ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, нәтижесінде қала аумағына жалпы 160 696 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде: Дендросаябақ аумағына 5000 көшет, аудан әкімдіктерімен көше бойларына 35 696 көшет, «Жасыл белдеу» КММ жерлеріне 120 000 көшет. Айта кету керек, Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жұмыстарына жастарды тарту мақсатында 2021 жылы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Ұйымның Шымкент қалалық өкілдігі 2022 жылғы 1 ақпан күні мемлекеттік тіркеуден өтіп, қарқынды жұмыс жасап келеді.

Орман өсіру негізінде ұзақ уақытты қажет етеді. Жұмыс нәтижесі ондаған жылдан кейін ғана білінеді. Сондықтан ағаш отырғызу немесе тұқым шашу жұмыстарында кеткен қателіктер бірден байқалмайды және оны түзеу көп уақытты талап етеді.Орман дақылдарының және көгалдандыру жұмыстары көлемінің үздіксіз көбеюі үшін үлкен көлемде орман екпелері мен бұталар қажет.

Облысымызда орман екпелері осы бағыттағы шаруашылықтардың тәлімбақтарында өсіріледі. Жыл сайын 3,5 млн. ағаш-бұта тұқымдастарының орман екпелері және көшеттері отырғызылады.

Алдағы уақытта қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларға 4000 түп ағаш көшеттері егілетін болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАНДЫҚТАР ЖОҒАЛҒАН БЕС ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАПТЫ

smarttop

ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 5700 ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТЫҒАН 45 ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

САРЫАҒАШ КУРОРТТЫҚ АЙМАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАМЫТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру