7.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Тұрғын үй құрылысын дамытуға бар күш жігерімізді салуымыз қажет

Президент Қасым Жомарт Кемелұлының өңірлерге берген  тапсырмасына сәйкес, халықты баспанамен қамтамассыз ету мақсатында  Шымкент қаласында әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты үйлердің құрылыс жұмыстары қарқын алды. Қала әкімі М.Д. Әйтенов құрылыс жұмыстарының жүру барысы мен сапасының қамтамассыз етілуін жіті бақылауына алды.

Бұған дейін No 9,10,11,12 тұрғын үйлердің құрылысы мерзімінде аяқталмағаны үшін әкімдік тарапынан жауапты мердігер мекемелерге ескертулер беріліп, айыппұл салынған болатын. Бүгінде олқылықтық орны толтырылып, жұмыстар аяқталуға жақын.

Тұрғын үй құрылысы — тұрғын үйлер, тұрақты тұрпаттағы жатақханалар, мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер, балалар үйлерінің жатын корпустарын, т.б. салу. Тұрғын үй қаласының көлемі іске қосылған, пайдалануға берілген жалпы және тұрғын алаңының шаршы метрімен, салынған пәтерлердің, үймереттердің санымен сипатталады.

Статистикалық қадағалау нысанында салынған тұрғын үйлердің көріктілігі, қабаттылығы, жайлылығы деңгейінің көрсеткіштері де қамтылады. Қазақстанда тұрғын үй нарығының қалыптасуы, соның ішінде тиісті несие-қаржы тетігінің әзірленуі елдегі эконоимка реформалардың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірте-бірте өрістетілуіне байланысты беймемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын, ең алдымен халықтың меншікті қаражатының тартылуын ынталандыру шаралары қолданылды.

Қала басшысы аталған орталықтағы бірнеше нысанда құрылыс барысын тексеріп, оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген 9 қабатты No 13,14,15,16 тұрғын үйлер құрылысы мен аталған аймақтың солтүстік беткейіндегі 21,5 га жерде бой тіктейтін жаңа көпқабатты үйлердің инженерлік жүйелерін тарту жұмыстарын қадағалап, тапсырманың тиісті мерзімде бітуін талап етті.

-Шымкентте 49 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұрғанын ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытуға бар күш жігерімізді салуымыз қажет»,-деді М. Әйтенов.

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ” ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ ТУР ӨТУДЕ

smarttop

Полицейлер тұрғынның 800 келіден астам етін сатып алып, ақшасын бермей қойған алаяқты ұстады

smarttop

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 17 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру