Төмендегі қарапайым дағдыларды ӘДЕТКЕ айналдырсаңыз, сол да жеткілікті:
1. Қазақстан аумағында тіркелген кез келген кәсіп, мекеме, ұйымға хабарласқанда алдымен қазақша сәлемдесіңіз. Бұл қарапайым әрекет «Менімен ары қарай қазақша сөйлескеніңізді қалаймын» дегенді еш артық сөзсіз-ақ білдіріп тұрады. Егер мекеме қызметкері қазақша түсінбесе, оған қысым жасаудың, дөрекі сұрақтар қоюдың қажеті жоқ.
2. Барған мейрамханаларыңыздан қазақша мәзір сұрап жүріңіз (даяшыдан, сосын әкімшіден). Өте сыпайы әрі мәдениетті түрде әрине. Әлдебір мекеме «Қазақша қызмет көрсете алмаймыз» десе, «Неге?» деп сұрап қажет емес. Тек сол кәсіп, мекеме, ұйымға хабарласқан сайын әңгімені осы сұрақтан бастаңыз. Өте сыпайы әрі мәдениетті түрде әрине. Әр адам кеп осы сұрақты қоя берсе мекеме өзі де түсінеді.
3. Банкоматты, төлем терминалды қазақ тілінде пайдаланыңыз, бәрінде бар — тіпті Каспиде. Онлайн интернет сервистерді банкинг, билет алу, egov.kz т.б. тек қазақ тілінде пайдаланыңыз.
4. Интернеттен, Гуглдан ақпаратты алдымен қазақша іздеп көріңіз, қазақ тілінде іздеу тарихы пайда болады.
5. Телефон интерфейсін қазақшаға өзгерте аласыз. Андроид жүйелерінің барлығында дерлік қазақ тілі бар. Ал iOS (Айфон) жүйелерінде мына баптамаға кіресіз: General>Language&Region>Preferred language order>Қазақ тілін үстіне бірінші етіп қоясыз. Орысшасы: Настройки>Основные>Язык и регион>Предпочитаемый порядок языков>Қазақ тілін үстінен басып, жоғары жаққа тартып бірінші етіп қоясыз. Сонда телефондарындағы барлық қазақшасы бар қосымшалардың тілі қазақшаланады.
6. Басқа да қосымшалардың ( Telegramға қазақ тілін орнату үшін мына бета нұсқаға басыңыз:
https://t.me/setlanguage/kk-beta, фейсбук және т.б.) бәрін қазақшаға ауыстыру мүмкіндігін іздестіріп көріңіз.
7. Электрон кезек бар мекемелерде (банк, касса, ХҚКО т.б.) терминалды тек қазақ тілін басып, ХҚКО кіреберістегі(рисэпшн) қеңесші қазақ тілінде басқанын қатаң қадағалап — талон алыңыз ! Өйткені талон жазылған тілінде табло дыбысталады, жазылады !
8. Кез келген МЕКЕМЕДЕН қызметті АУЫЗША, құжат ЖАЗБАША түрде (бланк, өтініш, арыз, нотариалды құжаттар, сақтандыру полисі, коммуналды құжаттарды, ХҚКО т.б.)ТЕК ҚАЗАҚ тілінде ЕРІНБЕЙ, УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕМЕЙ толтырып алыңыздар.
9. Компьютердің Microsoft Windows ОЖ, You Tubeтың интерфейстерін қазақ тіліне қойып қолданыңыздар.
10. Google accountтың барлық баптауларын қазақ тіліне қойып қолданыңыздар.
11.Сіз ұялы компаниядан SMSті қай тілде алуды таңдайсыздар, сол тілді қызмет алушы болып есепке, статистикаға енесіздер. Қазақ тілінде SMS алмайтын қазақтілді азамат, тұтынушылар — тілімізге қарсы, тілімізге қарсы — мемлекеттімізге қарсы деген сөз !
12. Әлеуметтік желілерде өзара, пост, жазуларды тек қазақ тілінде жазыңыздар. Қазақтілді ортаны құратын тек қазақтілділер.
Бұның бәрі не үшін маңызды?
Әрбір есті мекеме/компания/мобильді қосымша/сайт тіл статистикасын жүргізеді. Оларға қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұрап келетіндер неғұрлым көп болса, олар тіл жайлы соғұрлым көп ойлана бастайды. Есіңізде болсын, сіздің ҚРның азаматы, тұтынушы/клиент ретінде қазақша ақпарат алуды сұрауға құқығыңыз бар.
Бірақ құқығыңызды сыпайы әрі мәдениетті түрде талап ету өте маңызды.
Осы жазбаны барлық досыңызға жіберсеңіз жеткілікті.
Сонда қазақ тілі бүкіл Қазақстанға таралады.
Qazaqsha Jaz қозғалысы