9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУЫ

Қала басшысы М.Әйтенов Әл-Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесінде орналасқан көп қабатты үй аулаларына орнатылып жатқан жаттығу элементтері мен ойын алаңдарын көріп, тұрғылықты халықпен кездесті.

Әл-Фараби алаңы №1А/ Түркістан көшесі №2/3, 2/7 көп қабатты үй ауласындағы спорт алаңшасын жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, қазіргі таңда оның 90% орындалды.

Ал балалар ойын алаңшасының құрылыс-монтажы тамызда басталған, бір айда жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілмек.

-Спорт қолжетімді болғанда ғана бұқаралық сипат алады. Ал, бұқаралық спортты дамытумен ұлт саулығын нығайта түсеріміз анық. Ол үшін бар мүмкіншілікті пайдалана отырып аулаларымызды дамыта бермекпіз,- деді шаһар басшысы. Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылда­натын адамдар мен спорт түр­лерінің дамуы. Экономикалық тұр­ғыдан дамыған елдер бұл көр­сеткішті 30 және одан да көп пай­ызға жеткізуге ұмтылуда. Сала­мат­ты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса ма­ңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмы­сын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Қазір бізде, Қазақстанның бар­лық өңірлерін қосқанда, жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіледі. Бірақ, бұл – аз, жер-жерде: ауылдарда, үлкен­ді-кішілі қалаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйым-мекеме­лер­де тың бастамаларға жол ашу қажет. Жарыстар, спартакиадалар мен универсиадалар, басқа да спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүй­елі, тұрақты, жыл сайын өте­тін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Және мұны әркім өзінен, өз шаңырағынан бастауы керек. Спортты дамыту үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмін іске қосып, қаржылы кә­сіп­орындарды спорт нысандарын салуға, спорт саласын қар­жыландыруға тарту қажет. Спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты.

Аулаларда түрлі жастағы балаларға лайықты ойын элементтерімен қоса шағын футбол алаңшасы да ашылады.

Айта кетейік, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде орнатылуда.

Ұқсас ақпараттар

МИНИСТЕРСТВО ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ОТПРАВИТ МОБИЛЬНЫЕ ГРУППЫ В РЕГИОНЫ ДЛЯ РАЗЪЯСНЕНИЯ ПРОЕКТА СОЦКОДЕКСА

smarttop

БАЛА САУЛЫҒЫНА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МЕКЕМЕ

smarttop

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДЕМАЛЫСТАРЫНДА САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕСІН ЖОҒАЛТПАУЛАРЫ ТИІС

smarttop

Пікір қалдыру