Бүгін Шымкент қаласы «Көрме» орталығында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтіп, өтініш білдіруші тұрғындар мәселесі тыңдалды. Тұрғындарды толғандырған мәселелердің маңызды бөлігі елді мекендердегі ауыз су, табиғи газбен қамту, жарықтандыру, кәріз жүйелерін орнату, қатты тұрмыстық қалдықтарды тазарту және әлеуметтік қолдау көрсету алға тартылды. Қабылдау барысында шағын аудандар бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жауапты мердігер мекемеге тапсырма беріліп, бүгіннен кешіктірілмей толық ретке келтіру тапсырылды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстарын жеделдету бойынша мердігер мекемеге тапсырма беріліп, ағымдағы айда толық аяқтап тұрғындарға пайдалануға беру қажеттігі ескертілді. Жиі көтерілетін мәселелердің бірі — халыққа әлеуметтік көмек көрсету.
Аталған міндеттерді шешу үшін қосымша қаражат қажет емес.Түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен үлкен жобаларда қарастырылған қаражат жеткілікті. Барлық мақсаттарға бюджеттік қаржыны тиімді жұмсау арқылы қол жеткізуге болады.Кімде-кімді өз тағдыры, өз балаларының болашағы алаңдатса, бізді қолдайды деп сенеміз.Ал тұрмыс жағдайы жақсы, бюджеттің «майшелпегімен» майланып жүрген адамдарға бұл қажет емес, тіпті, олар үшін қауіпті. Сондықтан олар өздерінің «қолбала» сарапшылары арқылы аталған ұсынысты қаралап, бұл – жай дақпырт деуі мүмкін.Халық қордаланған мәселелерді алыс келешекте емес, дәл қазір шешуге мүдделі. Сол себептен, біздің ұсыныстарымыз жедел, нақты сипатқа ие.Үкімет біздің ұсыныстарымызды әдеттегідей ешнәрсе естімеген, көрмегендей болып жауапсыз қалдыра ма деген қаупіміз бар.
Жалпы бүгінгі қабылдау қорытындысына сәйкес 200-ден астам қала тұрғыны қабылданды. Оның ішінде бірқатар мәселе дереу шешімін тапса, енді бір мәселелер шешу жоспарына қойылды. Ал, қалған өзекті сұрақтардың шешімін табу бойынша тиісті жұмыстар құзырлы мекемелермен бірлесіп атқарылатын болады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі