1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

БОЗАРЫҚТА БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Шымкент Республикалық маңызы бар қала қатарына енгелі көршілес елді мекендер қала аумағына енген болатын. Әсіресе, Қаратау ауданына қарасты көпқабатты үйлер мен заманауи нысандар бой көтере бастады. Алайда, инфрақұрылым тартылмаған ауданға жан бітіп, бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді. Инфрақұрылым барлық өндірістік үдерістің де, белгілі бір аумақтық-экономикалық білімнің де дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың жиынтығы ретінде ұсынылады.

-«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл кешен 250 мыңнан астам халықты сапалы электр энергиясымен қамтитын болады. Қаламыз ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасып отыр. «Бозарық» электр станциясы стратегиялық нысан ретінде шаһардағы электр қуатының жетіспеушілігін шешеді», деді М.Әйтенов.

Мұнда 1,4 шқ электр желісі, 1,2 шқ газ, 1,3 шқ ауыз су құбырлары, 0,8 шқ кәріз жүйесі тартылуда. Қазірге дейін барлық жұмыстардың 30% орындалды. Келесі жылы ауыз мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталады. Инфрақұрылым -экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым — жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым — тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым — тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.Сонымен қатар 2020 жылы басталған жолдардың құрылысы 50%-ға салынып, қалған жартысы келесі жылы толығымен бітеді.

Тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын дегенді қайталап айтқан қала әкімі М.Әйтенов жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етті.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 40%-ҒА АРТҚАН

smarttop

БИЫЛ 102 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЕҢБЕКАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру