-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Этносаралық көшбасшылары туралы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.Кеңесте ішкі тұрақтылық пен этносаралық татулықты бекемдеу жайы қаралды. Отырысқа қатысқан қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне тоқталып, азаматтық қоғам өкілдерін халық пен билік арасындағы ықпалдастықты нәтижелі арттыруға шақырды.

Белгілі қоғам қайраткері, кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиевтің жетекшілігімен өткен жиында тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі қаралып, Абай ауданы әкімдігінің этносаралық саясатты ілгерілетудегі жұмыс барысы сараланды. Бұл этностардың өмір сүруінің материалдық және рухани жағдайлары, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру жөніндегі қатынастар. Тар мағынада – бұл әртүрлі ұлттардың тұлғааралық қатынастары, олар да түрлі қарым-қатынас салаларында – еңбек, отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ көрші, достық және басқа да бейресми қарым-қатынас түрлерінде болады.
Ал конфессияаралық қатынастар – бұл конфессиялар (бағыттар) арасындағы да, негізгі әлемдік діндердің ұстанушылары қоғамдастықтарының арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы конфессиялар ұсынылған идеология, дін қызметкерлері, бір топ діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен қарайтын адамдар.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық тұрғын үй басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жұлдызай Ордабекова, Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Көшікбаев хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы кеңінен тоқталды.
Қоғамдық келісім кеңесі – қалалық ҚХА жанынан құрылған консультативті-кеңесші орган болып табылады.
Құрамына абыройлы ақсақалдар мен этнос көшбасшылары енген кеңестің негізгі функциясы – қоғамдық келісімге кері ықпал ететін мәселелерді қарап, әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау жөнінде ұсынымдар беру.
Айта кетейік, биыл кеңес тарапынан мекемелерге 18 ұсыным берілді. Аудандық деңгейдегі кеңес мүшелері этнос өкілдері жинақы қоныстанған аумақтарда өткен 31 кездесуге қатысып, берекелі бірліктің мән-маңызын жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Ұқсас ақпараттар

ГАЛА-КОНЦЕРТ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢ ГЕКТАРҒА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛДІ

smarttop

КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛМАУЫ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру