21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті. Биыл байқауға қаладан 183 отбасы қатысып, ақтық сында — 20 отбасы бақ сынады. Жеңімпаздарды арнайы құттықтауға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
— Отан — отбасынан басталады. Ұлттық байқау отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етіп келеді. Ұлттық салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіліп жүрген шараға қатысуға ниет етушілердің көптігі көңіл қуантады. Мемлекет — отбасы институтын дамытуға, ана мен баланы қорғау мәселесіне әрдайым айрықша назар аударады. Берекесі жарасқан, құтты шаңырақ иелерін мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз,- деді Сәрсен Абайұлы.
Байқау нәтижесінде, Сыдықовтар отбасы үздік деп танылып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ ТҮРЛІ КӘСІПТІ ИГЕРУДЕ

smarttop

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҚСАТ

smarttop

Пікір қалдыру