Заң көмегі бюджет есебінен келесі азаматтық істер бойынша төленуі мүмкін:
• асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы;
• жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу;
• ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар;
• көп балалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы;
• тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша;
• Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендер, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді әскери қызметшілері, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша;
• Заңға сәйкес ақталған адамдардың зиянды өтеуі туралы даулар бойынша.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қорғаушының іс жүргізуге қатысуы міндетті, егер:
• бұл туралы әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлға өтініш жасаса;
• әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса;
• әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлға іс жүргізу жүргізіліп жатқан тілді білмесе;
• әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлға кәмелетке толмаған жасында болса.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы өтініш жасаған тұлға:
— Өзінің мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті;
— Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттарына әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабарлауға міндетті;
— Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету қажеттігі негізделген ақпараттың анықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
— Тұлға Құқықтық консультация алуды «Е-заң көмегі» жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба қою арқылы растауы тиіс.
— Құқықтық консультация беру, егер өтініш беруші жүріп-тұруындағы қиындықтарға байланысты ауыр сырқаттың, мүгедектіктің немесе өзге де мән-жайлардың салдарынан қабылдау орнына келе алмаса, құқықтық көмек оның тұрған жерінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, азаматтар адвокаттың немесе заң кеңесшінің көмегіне арнайы ақпараттық жүйе арқылы жүгіне алады. Ол үшін www.eup.kz сайтына кіріп, «қызметтер» бөлігін таңдап, «заңгерді табу» бағанасы арқылы қажетті критерийлерді толтырып, «менімен байланыс» сілтемесіне өтуі керек. Аз уақыт ішінде азаматпен кері байланыс орнатылады. Дәл осы сайтта «онлайн кеңеске» де жүгінуге болады. Қызметтің бұл түрі хат алмасу түрінде көрсетіледі.
Сондай-ақ, заң кеңесшілердің толық тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында орналастырылған.
Айта кетейік, бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір іс бойынша бір-ақ рет ала алады.