Smarttop.kz

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 15 БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ САЛЫНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындар мен әкімдіктің арасында кері байланысты жақсарту мақсатында Әл-Фараби ауданында ай сайын тұрғындармен кездесу тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Кезекті кездесу 3 және 4 сектор (Ескі қалашық, Дулати, Қазыбек би, Байтұрсынов, Тәуке хан, Желтоқсан, Қонаев, Желтоқсан көшелері) тұрғындарымен өтті. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев аталған секторларда атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндап өтті.
– Мұнда инфрақұрылым мәселесі толық шешімін тапқан, электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Кәріз жүйесі 95 пайызды құрайды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 15 балалар ойын алаңшасы салынды. Сондай-ақ, 1 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,-деді аудан әкімі.
Ағымдағы жылы 4 көшеге асфальт төселді. Жүздесуде тұрғындар Рашид Мамытұлына Қонаев даңғылы жолайрығының құрылысы, кәріз жүйесі, көшені жарықтандыру, асфальт төсеуге қатысты сауалдарын қойып, тиянақты жауап алды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА БӨЛІМШЕ ЖЫЛЫНА 600 БАЛАНЫ ОҢАЛТУДАН ӨТКІЗУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

smarttop

Полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді

smarttop

ЖЕКЕ МЕКТЕП САЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

smarttop

Пікір қалдыру