9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТАРИФ ҚҰНЫ 17,9 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН БОЛАДЫ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағындағы сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді.
Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын.
Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Тұрғындардың сұранысы бойынша, қосымша жобадан тыс көше бойына әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылуда.
Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.
Айта кетейік, мердігер мекеме есебінен электр энергиясы тұрғын үйдің алдына дейін жеткізіледі. Әрі қарай кабельді қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіріп, тұрғындар өз есебінен жүргізетін болады.
Қазіргі уақытта абоненттеу жүргізілуде. Жұмыс толық аяқталған соң Достық мөлтек ауданындағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Бұл туралы шаһар басшысының инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын қадағалауы барысында баяндалды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНЫҢ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ИППОДРОМ АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

БАНК АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ЕЛ БАСЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру