16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс шараға қатысты. Қала басшысы ұстаздар қауымына құттықтауын жеткізіп, ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ салтанатты жиында саланың үздіктері арнайы марапатталды.

🔷 «Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, ұстаздардың қоғамдағы абырой-беделі артып келеді. 2020 жылдан бастап бүгінге дейін ұстаздар жалақысы
100 пайызға, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсіп, әлеуметтік тұрғыда қорғала түсті. Кешегі өткен Республикалық педагогтер съезінде

🔷 Президентіміз ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Мектепті ең қауіпсіз орынға айналдырудың маңызды екенін тағы да еске салып, білім беру ұйымдарында орын алғанбуллинг, зорлық-зомбылық көрсетуді түбірімен жоюды тапсырды. Осы бағытта жұмыстарды күшейту – басты міндетіміз» — деді қала әкімі. Бірақ, ұстаз сахнаны емес, мектепті, ересек көрерменді емес, оқушы-балаларды таңдады. Өйткені, ұлт болашағы балалардың тәрбиесінен басталады емес пе?! Мәдениет театрдан бастау алса, әдебиет мектеп қабырғасынан басталады. Алаш өсіп мемлекет болуы үшін Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деді. Күліш Төлеуханқызы: «Ағаш өсіп мәуелі бәйтерек болуы үшін тамырынан бастау алып, топырағы құнарлы, нөсермен сіңген нәрі мол болуы керек» дейді. Бала – тал, топырақ – мектеп, жаңбырдың тамшы-нәрі – білім тәрізді. Ұстаз – осы үшеуінің ортасындағы дәнекер.

🔷 Кеш қонақтары патриоттық әндерді тыңдап, ұстаздарды ұлықтаған шәкірттердің өнерін тамашалады.

🔷 Мегаполистің білім беру жүйесі –
30 мыңға жуық ұстаз еңбек ететін үлкен салаға айналып отыр. Қаламыздағы
930 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленушіні, оқушы мен студентті қамтиды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

М.ӘЙТЕНОВ ҰОС АРДАГЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

«TEMIRQAZYQ-OI» газетінің жаңа басылымы жарық көрді

smarttop

Жақсылыққа жасауға жаны құмар Жақсылық

smarttop

Пікір қалдыру