0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент қаласының маңындағы аудандардағы инфрақұрылым

Батыс шағын ауданда 37 шақырым газ құбыры тартылды.Бүгін қала әкімі шаһар аумағындағы инженерлік инфрақұрылымдардың жұмыс барысын тексерді.

Абай ауданына қарасты Батыс шағын ауданында инженерлік инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Елді мекен 2021 жылғы жұмыстар нәтижесінде толық ауыз сумен қамтылған.

Қазіргі уақытта тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан біршама жұмыстар атқарылуда. Жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес жалпы жұмыс көлемінің 55 %-ы аяқталған. 2023 жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

– Елді мекенде жалпы ұзындығы 37 шақырым болатын газ құбыры тартылып, табиғи газбен қамту жұмыстары 100 %-ға аяқталған. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің газ тарту дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілуде,-деді басқарма басшысы Б.Булатбеков Шаһар басшысы сала мамандарына жобаны сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Достықта 2686 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағындағы сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді.

Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын.
Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Тұрғындардың сұранысы бойынша, қосымша жобадан тыс көше бойына әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылуда.

Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.

Айта кетейік, мердігер мекеме есебінен электр энергиясы тұрғын үйдің алдына дейін жеткізіледі. Әрі қарай кабельді қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіріп, тұрғындар өз есебінен жүргізетін болады.

Қазіргі уақытта абоненттеу жүргізілуде. Жұмыс толық аяқталған соң Достық мөлтек ауданындағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.Бұл туралы шаһар басшысының инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын қадағалауы барысында баяндалды.

Қоса кетсек, Қайнарбұлақтағы инфрақұрылым мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі.

Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бүгін шаһар басшысы М.Әйтенов аталған аумақта атқарылып жатқан жұмыс сапасын кезекті рет
тексеріп шықты.

“Ескертулер еленбей қалмауы керек. Бірінші кезекте сапаға жіті мән береміз, ал нысандардың мерзімінен кешіктірілмей пайдалануға берілуі — негізгі шарт”,-деді қала әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма жүктей отырып.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту құрылысы жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асуда.

Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30%-ы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

Ал табиғи газбен қамту құрылысы II кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25%-ы аяқталған. ІІ кезеңнің де құрылыс жұмыстары қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек.

Сондай-ақ елді мекенді сапалы электр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.

Оған қоса, көшелерді жарықтандыру мәселесі де рет-ретімен шешілуде.

Биыл Степная, Бөлешов, №125 мектеп орналасқан көшелер жарықтандырылса, келесі жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская көшелері жарықтандырылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ӘР БАҒЫТЫНА ҮН ҚОСТЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ АСПАНҒА КӨТЕРІЛДІ

smarttop

ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР АЗАМАТЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру