16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІНДЕ АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әл-Фараби ауданында үй басқарушылары, орам басшылары және аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың қатысуымен қоғамдық талқылау өтті. Кездесуде тұрғындардың түнгі тыныштығын бақылау, спорт алаңшасын орнату, көпқабатты үйлерлегі лифт сапасын арттыру, камера орнату, басты көшелердің бойындағы ағаш санын көбейту сынды маңызды мәселелер қаралды.
Қоғамдық бақылау кеңесінде көтерілген барлық сұрақтар хаттамалық тапсырмаға түсіріліп, орындалу барысы жіті бақылауда болады. Бүгінде Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарына өтініш білдірген тұрғындар мен үй басқарушыларына, көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, жиналыстар ұйымдастыруда. Ауданда жыл басынан қоғамдық бақылау кеңесі мүшелері тарапынан жалпы 64 хаттамалық тапсырма тіркелді. Оның ішінде 50-і толық орындалды, 9 тапсырма жұмыс барысында , 5 мәселе тұрақты бақылауға алынды.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін қөп қабатты тұрғын үй аулаларына жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері, беседкалар, тренажерлық комплекстер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылуда. Бұл жұмыстар осы жылдың қыркүйек айында аяқталады.Айта кетейік, жеке меншіктегі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Алайда, аталған бағдарлама аясында тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғын үйдің пәтер иелері өз еріктерімен жазбаша келісімін білдірген жағдайда, бағдарламаға сәйкес тұрғын үйге қайтарым негізінде жөндеу жұмыстарын (шатыр, жертөле, кіреберіс, инженерлік жүйелер т.б) жүргізуге мүмкіншіліктері бар.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЕРТЕ БАСТАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ:ТҰРАН АУДАНЫНДА 13 АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ ОРНАТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ РЕННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ УАҚЫТША КӨШІРУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру