1.3 C
Шымкент
Четверг, 22 января, 2026
Smarttop.kz

№10 КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА КОРПУСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Еңбекші ауданына қарасты Сайрамдағы Ю. Сайрями көш бойындағы №10 колледжінің жаңа оқу
корпусы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылысы барысын тексеріп, сапаға мән берді.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстарының мерзімнен кешеуілдеуіне байланысты жауапты мердігерге бірнеше ескертулер беріліп, айыппұлдар салынған. Қазіргі таңда ескертілген кемшіліктер ретке келтіріліп, жұмыстар жалғасын табуда. Осы күнге дейін құрылыстың 85%-ы атқарылды.

Жаңа ғимаратта 300 орындық оқу корпусы, 200 орындық асхана, 200 орындық АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған.

Нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған. Жоспарға сәйкес жаңа корпус жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

«ТҮРКІСТАН – АБУ-ДАБИ» ӘУЕ БАҒЫТЫНДА ҰШАҚ БИЛЕТТЕРІ САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

smarttop

НАУРЫЗ ТОЙЫ ГАЛА КОНЦЕРТКЕ ҰЛАСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру