Smarttop.kz

БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-23 ақпан аралығында республикалық «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы  өткізілуде. Іс-шара аясында Полиция департаментінің қызметкерлері қаладағы 152 мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті жұмыс атқаруда. Бұл бағытта учаскелік ювеналды полиция инспекторларымен қатар, Әкімшілік полиция басқармасының да қызметкерлері балаларды жол қозғалысы ережелерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, жол және техникалық инспекция бөлімі автокөлік жолдарына жақын орналасқан мектептердің алдындағы жол белгілері мен жол таңбаларына зеделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстардың нәтижесімен Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 жасанды жол кедергісін орнатуға, жаяу жүргіншілер өткеліне сызылған жолақтарды ауа-райына қарай қайта жаңартуға, қосымша  «абайлаңыз балалар» жол белгілерін орнатуға қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бірқатар нұсқамалар берілді.

Атап өтейік, өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау және алдын алу болып табылады.

Ұқсас ақпараттар

ФОРУМ ТОҚЫМА ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

smarttop

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: БІРІНШІ ЛЕКТЕ 115 ШЫМКЕНТТІК БИЗНЕС-ЖОБАСЫНА ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

smarttop

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 5 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

smarttop

Пікір қалдыру