30.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

№12 СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабында орналасқан №12 спорт мектебінде болып, қосымша корпустың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Нысан 2 ауысымда жұмыс атқарады.
1 ауысымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады. Одан соң мұнда 252 спортшы сыятын түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалмақ.

Кешен ғимараты 3 қабаттан тұрады.
Жертөледе пауерлифтинг оқу-жаттығу залы, ауыр атлетика оқу-жаттығу залы, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі қарастырылған.

Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, күзетші бөлмесі, киім бөлмесі, 18 орынға асхана, 210 орынға көрермендер трибунасы бар әмбебап спортзал, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі, медпункт болады. Ал екінші қабатта холл, демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон спорт түрлерінен оқу-жаттығу залдары қарастырылған.

Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарлануда.

Сала мамандары мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жылдамдатуды тапсырған шаһар басшысы, “құрылыс сапасына да баса мән беруіміз керек”,-деді.

Шымкент қаласы әкімдігінің бааспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ЖАС ҰЛАН” МЕКТЕБІНЕ 40 ЖЫЛ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖИҺАЗ ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 67 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру