🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар құрылыс нысандарын аралау кезінде Ақжайық шағын ауданындағы «Abylaikhan innovative school» мектебіне барды. Төрт қабатты 650 орынға арналған мектеп жаңа заманауи үлгіде салынған. Жоба құны 3 миллиард теңгені құрайды. Бұл мектептің де құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталып, қыркүйек айында алғашқы қоңырау дыбысы сыңғырламақ. Айта кетейік, жаңа мектепте оқушылар білімін арттыру мақсатында білікті педагогтар сабақ беретін болады.
🔷 Мұнан соң Мұрат Дүйсенбекұлы Д.Қонаев даңғылы бойында орналасқан «Сұңқар» жаңа мектебіне бас сұқты. 850 орынға лайықталып салынған мектеп құрылысы 12 ай бойы жүргізілді. «Сұңқар» мектебінің жанында 1580 орындық №1 мектепте қазір 3228 оқушы білім алуда, көршілес 1476 орындық №47 мектепте 1977 оқушы білім алып жатыр. Сондықтан жеке мектептер мемлекеттік мектептегі оқушы жүктемелерін азайтуға септігін тигізбек.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі