«AMANAT» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларын толық қолдайды. Президенттің Жолдауда ұсынған барлық реформалары – бұл елдің жаңа жағдайда дамуына тың серпін беретін жеткізді.
«Жолдауда Президент әдеттегідей, қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауабын берді. Бұл бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі – осы. Алдағы сайлау науқандарының кестесі жарияланды. Мемлекет басшысы Президент мандатын қысқарту және ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөнінде бастама көтерді. Бұл – биліктің барлық деңгейінде қабылданатын шешімдеріне қатысты. Президенттің пайымынша, азаматтардың дауысы үшін бәсеке күшейіп, саяси үдерістердің қарқыны мен мазмұны өзгереді.