3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ — ЖАРЫҚ ҚАЛА

Шымкент қаласының инфрақұрылымын жүйелендіру мақсатында «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру саласы автоматтандырылуда. Көше жарығы диспетчерлік орталық ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастаған болатын.

Орталық арқылы әзірше қала аумағындағы 97 көшенің жарықтандыру жүйелері толықтай басқарылуда. Яғни, істен шыққан жарықшамдар кері байланыс арқылы автоматты түрде мониторда көрсетіледі және түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулаған кездерде жарық беру пайызы автоматты төмендейді. Бұл электр қуатын едәуір үнемдеуге септігін тигізеді.

Аталған орталыққа қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, операторлардың диспетчерлік жұмысы мен бірегей жобаның мүмкіндіктерімен танысу барысында, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында басқа да жаңа технологияларды зерттеп, қала өміріне енгізуді тапсырды. Қала түнгі келбетімен көрікті. Орталық көшелерде, демалыс орындарының шамдары жарқырап тұрса, қандай! Бүгінде Шымкент қаласының түнгі шырайын арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Биыл қаланың 231 ауласын жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Электр желілерінің нақты дамуына деген үлесі бар  көшелерді жарықтандыру жақсы жүруде.

Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылған. 2024 жылы барлық көшелерді 100 % автоматтандыру жоспарланған.

Айтпақшы, Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағында да түнгі жарықшамдар жаңартылуда.

Қуаттылығы 150 Вт-ты құрайтын жалпы саны 100 дана жарықшам ауыстырылды. Алдағы уақытта тағы 250-і жаңартылмақ.

Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы үшін шамдар таңғы 5:00-ден 7:00-ге дейін және кешкі 19:00-ден 22:00-ге дейін жанып тұратын болады.

 

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІН ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚҚА ПАРЫЗ

smarttop

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ

smarttop

«РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру