6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛ МЕН ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі шаһарға қарасты Өтеміс және Базарқақпа елдімекендеріне барып, жөндеуден өтіп жатқан жолдардың құрылыс сапасын да тексеріп қайтты.

Қаратау ауданы аумағында орналасқан Өтеміс тұрғын алабында ағымдағы жылы ұзындығы 5,1 шақырымды қамтитын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

Бүгінде Өжен, Ақкөл және Мұрат көшелерінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Ал ұзындығы 3,1 шақырым, ені 6 метрді құрайтын КХ-42 көшесінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Орташа жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

«Сапаға жұмыс істеуіміз керек. Берілген ескертулерді дер кезінде жойып, қателікке қайта жол бермеу керек» деп, ескертті Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне.

Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес биыл Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында 15 көшеге асфальт жабындысы төселді.

Тиллаходжаев көшесіне асфальт жабындысының екінші қабатын төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Көшенің жалпы ұзындығы 2,5 шақырым, ені 6 метрді құрайды.

Сала мамандары құрылыс-монтаж жұмыстарын тексеріп, санаулы күндерде көлік қозғалысы үшін пайдалануға берілетін болады.

Шым шаһар басшысы М.Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен де танысты.

Естеріңізде болса, демеуші азамат есебінен Сайрам су өзені үстінен ұзындығы 43 метр, ені 5 метр болатын аспалы көпір салынып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Қазіргі уақытта көпір құрылысымен қоса транспорт басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Айтып өтейік, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін қайтадан темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.

Енді Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрық жайында. Жұмыс кестесіне сәйкес, Арғынбеков көшесі арқылы Бәйдібек би даңғылына (солтүстік бағытта) оң жақ бұрылыс жолы ашылды.

Және Бәйдібек би даңғылымен Арғынбеков көшесіне (батыс бағытта) оң жақ бұрылу жолы ашылды.

Сонымен қатар, Бәйдібек би даңғылы екі бағытта толығымен жабылғанын хабарлаймыз. Аталған көшеге балама жол ретінде Жүсіпов көшесі қарастырылған.

Айта кетейік, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысын аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫНА МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІНДЕ БЮДЖЕТТЕН 6 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

smarttop

Облыс орталығында полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев 40-тан астам ардагермен кездесіп, ақ батасын алды

smarttop

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТАЙЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру