3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

Берекенің кілті – кәсіпте

Жаңа бизнес идеясын іске асыруға қайтарамсыз грант алғандардың бірі — Жеңіс Мырзабаев.
Еңбекші ауданының тұрғыны 2021 жылы сәуір айында 583 400 теңге көлемінде мемлекеттін берілген өтеусіз қаржыға қол жеткізген.
Ол бала күнінен техника тілін жақсы түсінгендіктен, өз саласын көлік жөндеу ісімен байланыстырған.
Мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, кәсіпкерлікке ден қойған азаматтың, қазір тұрақты клиенттері бар.
Енді бұл шағын бизнесін ары қарай да ұлғайтуға ниетті.

Қайтарымсыз гранттың иегері атанып, өз кәсібін ашқан азаматтың бірі – Ақылбек Бейсенов.
Ол өз бизнес-жобасын комиссияға ұсынып, оң нәтиже алған соң, 2021 жылы 583 400 теңге көлемінде мемлекеттен өтеусіз қаржы алып – жиһаз цехін ашқан.
Қазіргі таңда өз үйінің ауласында жиһаздың сан түрін жасап жатқан шеберге жүгінушілер көп. Ал өнімдер өз қаламызда дайындалатындықтан тұрғындарға қолжетімді бағада саудалануда.
Жоқтан бар жасап, кәсіптің көзін тапып, отбасын асырап отырған азаматтың бұл ісі көпке үлгі.

Шымкент қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 190 жұмыс беруші мекеменің, 500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Іс-шараға 50-ге жуық пробация қызметінің есебінде тұрғандар қатысып, кеңес алды, сондай-ақ 13 азамат жұмысқа орналасуға жолдама алды.
Бүгінгі шараның игілігін көргендердің бірі — Махаббат Нуржанова. Тігіп-пішуге икемі бар қала тұрғыны, «JBK» тігін фабрикасына жұмысқа жолдама алды.
«Міне бүгін бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «JBK» тігін фабрикасына жұмысқа жолдама алдым. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін», -деді Махаббат Нуржанова.
Аталған жәрмеңкенің басты мақсаты — сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту, оларды қоғамға бейімдеу.

Қайтарымсыз грант игілікті істерге жол ашты.Куримбаева Бибіхан 2021 жылы 583 400 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантты жеңіп алып, сұлулық салонын ашқын. Бала кезден шаш қиюға икемі бар азаматша өз ісін кәсіп көзіне айналдырғанына қуанышты. Шаш қиюмен қатар қыз-келіншектердің шашын бояу, түрлі шаш үлгілерін жасаумен айналысады. Бибіхан Куримбаева қолға алған кәсібін алдағы уақытта үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлауда.

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІ-БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ

smarttop

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КЕРАМОГРАНИТ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру