13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-да ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді. Жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа жатақхана 180 тұрғынға есептелген. Жалпы ауданы – 1000 шаршы метрді құрайтын студенттер үйі 5 қабаттан тұрады. Ғимарат барлық заманауи талаптарға сай.
023-2024 оқу жылының бірінші жартысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «6В01601-Тарих мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айтай Бахадыр Сатыбалдыұлы ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2023 жылдың 18 қыркүйек – 15 желтоқсан аралығында дәріс оқыды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы нәтижесінде оқытушыға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры, қауымдастырылған профессор Б.Т.Шакешевтың сертификаты табысталды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетімен арадағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде бірлескен ғылыми жобалар орындау, халықаралық конференциялар ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру көзделеді.
Жекеленген әр бөлмеде 2 және 4 адамнан тұрады, әр бөлмеде жеке санитарлық бұрышы мен душ бөлмесі бар. Жатын бөлмелермен қатар, жатақхана заманауи ас үйлермен, кір жуатын бөлмемен және басқа да тұрмыстық, қосалқы жайлармен жабдықталған. Оқу жылы бойында жатақханада университеттің филология, өнер және білім факультетінің білім алушылары орналасады.
Айта кетелік, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ бұған дейін де жастарға 4 бірдей студенттер үйін пайдалануға беріп, елімізде жатақханамен қамту мәселесі толығымен шешілген университеттердің бірі болатын. Ал, үшжақты келісім негізінде салынған жаңа жатақхана кәсіпкер Анарбекова Әсия арқылы жүзеге асып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ИНВЕСТ ШТАБТА 10 ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

smarttop

БОЗАРЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

smarttop

Пікір қалдыру