«ЗАҢ КЕРУЕНІ» республикалық акциясы бастау алды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде басталған «ЗАҢ КЕРУЕНІ» республикалық акциясы Абай ауданында бастау алды.
Акцияны өткізудің басты мақсаты — халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 қарашасында Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы «Жаңаталап» аумағы тұрғындарымен кездесу өткізілуде. Республикалық акция аясында Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Н.Сейдалев көшпелі құқық қорғау саласында қажетті кеңес беруде.
Жасұлан Әділбайұлы, Абай ауданының прокуроры: «Арыздар бойынша тексеру, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Қорытындысы бойынша арызданушыға жауап беріліп, хабардар етіледі. Ұзақ мерзімді қажет ететін мәселелер, мысалы инфрақұрылым, жер мәселелері бойынша қала әкіміне түзілген хаттамалар табыс етіледі. Олар бойынша шешім қабылданады, біздің бақылауымызда болады».
«Заң керуені» акциясы Шымкент қаласындағы өзге аудандарда да өтуде. «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет», «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі жобаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған іс шара бұқараны толғандыратын мәселелерді анықтап дер кезінде шешуге мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар, кездесуде тұрғындар мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік көмектерді, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, мұрағаттық анықтамаларды беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы және т.б. өзекті мәселелерінің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті КЕҢЕСТЕР мен жауаптарын алды.
Аталған іс-шара сағат кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Осыған орай, аудан тұрғындарын «ЗАҢ Кереуені» акциясына қатысуға шақырамыз.