Осы және басқа да ҚР Конститутциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы және қалалық қоғамдық штабтың аралық есебі жөнінде бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Референдумның Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штаб мүшесі Қанатбек Досалиев ақпарат берді.
«Құрметті шымкент қаласының тұрғындары!
Конституциялық түзетулерде әркімнің конституциялық құқығын қорғау туралы жаңа тетіктер пайда болады.
Конституциялық кеңесті конституциялық сот етіп қайта құру әркімге өз құқықтарын қорғау үшін конституциялық сотқа тікелей жүгінуге құқық береді, бұрын бұған мүмкіндік болмаған еді.
Конституциялық деңгейге адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі көтеріледі.
Қазақстанда өлім жазасы жойылады, бұл адам құқықтарын қорғаудың іргелі негіздерінің бірі.
Мұндай түзетулерді қолдау керек, солай емес пе? Онда 5 маусымда өз сайлау учаскелеріңізге келіп, жаңа реформаларға дауыс беріңіздер!»-, деді спикер.
Құрамында партиялардың, қоғамдық кеңестердің, белсенді ҮЕҰ-ң мүшелері және қалалық мәслихатының депутаттары мен зиялы қауым өкілдері бар референдумның қалалық қоғамдық штабы құрылып, жұмыс жүргізуде.
22 белгілі тұлғалардан құрылған қоғамдық штаб мүшелерінің жастармен, жұмысшылармен және жалпы қала тұрғындарымен кездесетін арнайы 3 бағыттағы кестесі жасақталып, бекітілді.
Кестеге сәйкес, 11 мамыр мен 04 маусым аралығында 160 нүктелі кездесу ұйымдастыру жоспарланып, ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда кәсіпорындар, базарлар және оқу орындарында 120 кездесу өткізіліп, 36 мыңнан аса жұмысшылар мен студенттер қамтылғандығы туралы да атап өтті.