1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТЕКСЕРІЛУІ

Шымкент қаласы аумағында жүргізілген газ құбырларының кейде бүліну факторлары кездесіп жатады.  Бұл жағдайларда жұмыстарды орындауға жауапты тұлғаларға орнында  жұмыс аймағында қоданыстағы электр желілерінің бар екендігі туралы ескертулер беріледі, сондай-ақ жұмыстарға тапсырыс беруші мен олардың мердігер ұйымының атына қолданыстағы кабель желілерінің жанында және күзет аймағында жер қазу жұмыстарын келісу қажеттілігі туралы ескерту-хат жолданады.   Ол көбіне қазу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізген жағдайда орын алып отырады.
Сол себепті орын алған осындай олқылықтар анықталған жағдайда ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 305-бабында көзделген құқықбұзушылықтар негізінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін.
Газбен жабдықтау қызметін жүзеге асыратын мекемелердің ((«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, жеке меншіктер) келісімінсіз жұмыстар жүргізу кезінде орын алған келеңсіздіктер әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Атап айтатын болсақ: жеке тұлғаларға – 10 АЕК; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК; орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 2022 жылы, 3 063 теңге болып белгіленген.Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,  жер қазу және басқа да жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарлап отырған құрылыс-монтаждық ұйымдардың назарын: жазатайым оқиғаны болдырмау үшін және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында жұмыстарды бастамас бұрын барлық жұмыс түрлерін, әсіресе жер жұмыстарын тексеру жүреді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ!

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТІКҰШАҚПЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 110 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА 170 МЛН. АҒАШ ЕГІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру