Бүгін, 2022 жылдың 3 қарашасында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Мұхамеджан Бахтияр Мұхамеджанұлы бастаған заң керуені кестеге сәйкес жергілікті халыққа жедел құқықтық көмек көрсету мақсатында Еңбекші ауданы Тоғыс елді мекеніне ат басын бұрды.
Көшпелі топтың құрамындағы прокуратура, әкімдіктің, құқық қорғау органдарының және аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлері кездесуге келген Тоғыс, Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас елді мекен тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, оның ішінде көшелерді жарықтандыру, асфальттау, қосымша жол белгілерін қою мәселелерімен қатар, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жер беру, табиғатты қорғау, кәмелетке толмағандардың бос уақытын қамтамасыз етуге қатысты толғандыратын мәселелер бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын және алдағы жоспарланған іс-шаралар бойынша тиісті ақпараттар беруде.Кездесуде халыққа заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтылды.Шара барысында тұрғындар құқық қорғау ведомстволарының басшыларына сұрақтар қойып, олардың сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.
«Акцияның мақсаты – жергілікті жерлерде жедел құқықтық көмек көрсету және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» деді Бахтияр Мұхамеджанұлы.
Көз бояушылықты болдырмау мақсатында дереу сол жерде шешілмейтін мәселелер бойынша оларды егжей-тегжей қарау үшін тиісті уәкілетті органдардың өкілдерімен азаматтардан жазбаша өтініштері қабылдануда.
Көшпелі жұмыс тобының жұмысы таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін және 4 қарашада Еңбекші ауданы, Қаратөбе елді мекенінде жалғасын табады.
Құрметті қала тұрғындары мүмкіндікті жібермей белсенділік танытып «Заң керуені» акциясына қатысуды сұраймыз.