16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА

Бас прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Заң керуені» акциясы жалғасуда. Акция аясында Шымкент қаласының және Әл-Фараби ауданының прокуратурасы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлері жоғарғы және төменгі Отырар, М.Дулати, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Д.Қонаев көшесінің жоғарғы бөлігі, Кіші Самал, Наурыз, Бам мөлтек аудандарының тұрғындарын Бам мөлтек ауданында орналасқан № 62 жалпы орта мектебінің акт залында жеке қабылдап жатыр.
Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Жалпы «Заң керуені» акциясы оңтайландыру арқылы халықты әуре-сарсаңға салмау халықтың тығыз орналасқан жері бойынша кездесу өткізуде.

Кездесуде халыққа заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтылды.Шара барысында тұрғындар құқық қорғау ведомстволарының басшыларына сұрақтар қойып, олардың сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.Кездесу соңында органдардың басшылығы азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.Жеке қабылдаудан түскен барлық өтініштер тіркеліп, толымды жауаптар берілді.Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін бірқатар сұрақтар бақылауға алынды. Кері байланыс тәртібінде қарау нәтижелері жақын арада арыз иелерінің назарына жеткізілетін болады.

Жергілікті тұрғындар ашық диалог форматында өткен акцияға оң баға беріп, тұрақты негізде ведомстволар осындай кездесулерді жиі өткізуіне ниет білдірді. «Заң керуені» акциясы келесі кезекте ауданның өзге де ауылдарында жалғасын табатын болады.

Аталған акцияға 100-ден астам тұрғындар қатысты, оның ішінде 40-қа жуығы көмек алды.
Аталған іс-шара 4 қарашада Әл-Фараби ауданының аумағында Тауке хан 5 мекен-жайында орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өз жалғасын табады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

«Мың жүйрік» республикалық байқауын осымен екінші рет ұйымдастыруы

smarttop

ТҮРКІСТАНДА АҚТӨБЕЛІК АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру