9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

“ЗАҢ КЕРУЕНІ” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

1 қарашада бастау алған “ЗАҢ КЕРУЕНІ” акциясы Шымкентте жалғасуда.
Бүгін, яғни 4 қарашада қала прокурорының орынбасары Марат Ержан Маратұлы бастаған мамандар “ЗАҢ КЕРУЕНІ” акциясына қатысуда.
ҚҰрамында құқық қорғау, жергілікті атқарушы және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлері бар топ Әл-Фараби ауданының орталығында және төменгі жағындағы шағын аудандардың тұрғындарын Тауке хан көшесі 5 үйде орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жеке қабылдау өткізуде!Кездесуде халыққа заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтылды.Шара барысында тұрғындар құқық қорғау ведомстволарының басшыларына сұрақтар қойып, олардың сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.Кездесу соңында органдардың басшылығы азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.Жеке қабылдаудан түскен барлық өтініштер тіркеліп, толымды жауаптар берілді.Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін бірқатар сұрақтар бақылауға алынды. Кері байланыс тәртібінде қарау нәтижелері жақын арада арыз иелерінің назарына жеткізілетін болады.Жергілікті тұрғындар ашық диалог форматында өткен акцияға оң баға беріп, тұрақты негізде ведомстволар осындай кездесулерді жиі өткізуіне ниет білдірді. «Заң керуені» акциясы келесі кезекте ауданның өзге де ауылдарында жалғасын табатын болады.

Тұрғындарға құқықтық және өзге де көмек көрсетіліп жатыр.
Құрметті тұрғындар!
Өздеріңіздің жауабын таппай жүрген сұрақтарыңызбен жоғарыда аталған мекенжай бойынша акцияға шақырамыз!

Айта кетейік, аталған акция 3 күн бойына жалғасады. Сонымен қатар Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол жерге кез келген азамат барып, кезекші прокурорға өзінің сұрағын қойып талаптары мен арыздарын жеткізе алады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРҒА 423 МЛН.ТЕҢГЕДЕЙ АҚША АУДАРҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 14 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЦИФРЛЫҚ САУАТ АРТТЫРУ КУРСЫНА ҚАТЫСАДЫ

smarttop

Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

smarttop

Пікір қалдыру