Smarttop.kz

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОРТАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысымен танысты.
Алдымен «Аялы алақан» №5 арнаулы орталығында болды. Орталық — арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар тірек- қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда орталықта 110 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде.
Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Журналистер пресс-тур барысында аталған мекеменің жұмыс барысымен танысты.
Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету.
Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен. Бүгінгі таңда, қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар қоса айтаты болсақ,

Шымкент қаласына қатысты мазмұнды, тарихи-танымдық, сараптамалық мақалалармен таныса алады. Жалпы Шымшаһарда 40-қа жуық түрлі бағыттағы жергілікті сайт тіркелген. Олардың ішінде Шымкент қаласы әкімдігінің «shymkent.gov.kz» деп аталатын сайты да бар. Ол сайт тек ресми ақпарат таратумен шектелсе, ал жаңадан ашылған «shymkentaqparat.kz» порталының шығармашылық аясы кең, аудиториясы үлкен. Сонымен қатар, жаңа сайттың барлық әлеуметтік желіде парақшалары мен жеке «youtube» арнасы да ашылған.
Жаңа порталдың ашылу жиыны марапатпен жалғасты. Іс-шарада БАҚ саласының және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар ҚР Президентінің және Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН АУДАНЫНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ: «ЖЕКЕ МЕКТЕПТЕР МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫ ОРНЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕДІ»

smarttop

РЕТСІЗ САУДАМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру