Smarttop.kz

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ?

«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі baspana.kz маркетінде азаматтардың жеке кабинетіне шықты. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлм қабілеттігін бағалау ағымдағы жылдың 07-30 қараша аралығында жүргізіліп, азаматтардың ​ тұрғын үйді таңдау кезеңі ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. ​ Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.

Отбасы құндылықтары тұрмыстық жайт­тардың тасасында қалмас үшін аналарды рухани қолдау маңызды. Әлем елдерінің ішінде ажырасу көр­сет­кіші жағынан Қазақстан алдың­ғы орындардың бі­рін­де тұрғанын ауыр да болса мо­йын­дауға тура келеді. Осыны ескерген орталық мамандары өміріне ша­ғым айтып келген жандардың кө­ңілін аулап, санасын серпілтуге зор мән береді. Кәсіби психологтар, тіпті тіршіліктен баз кешкенін айтып алдарына жүгінген аналарға моральдық демеу беріп, орталық арқылы жан-жақты қолдау көрсеткен. Олардың ішінде орталық көмегімен жеке биз­­несін бастап, қаржылық тәуел­сіз­дікке қол жеткізгендер де бар» дейді мамандар. Мұндағы ком­пью­­терлік орталықта түрлі курстар жүр­гізілсе, балаларымен келген ана­лар үшін арнайы бөлмелер де қарас­тырылған. Онда курс уақыты біт­кен­­ше тәрбиешілер балаларды сурет салып, желіммен түрлі пішімдер жа­сау­ға баулиды.

2022 жылы Шымкент қаласына ​ «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде ​ көпбалалы отбасылар-245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар-187, толық емес отбасыларға- 40 ​ лимит бөлінді. ​ Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап ​ «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы ​ жүзеге асырылған болатын. Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі ​ әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.

Ұқсас ақпараттар

НЫСАНА ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ӘРТІСІМЕН ӨТКЕН ӘДЕМІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

80-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІН ДАЙЫНДАҒАН БАПКЕР

smarttop

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ, КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

Пікір қалдыру