3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КҮНДЕЛІКТІ 870-ТЕН АСТАМ АВТОБУС МАРШРУТЫН БАҚЫЛАЙТЫН КІМ?

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жылғы 06 наурызда құрылған.

Мекеме құрылғаннан бастап қаладағы жолаушылар тасымалының инфрақұрылымындағы жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қалалық маршрутардың қозғалысының жобалары және жүру сызбалары дайындаумен айналысады. Қала, мегаполис секілді кез келген ірі елдімекеннің күретамыры – қоғамдық көліктер. Оның ішінде жолаушылар автобустарының алар орны ерекше. Бұл саладағы қызмет сапасы неғұрлым жақсарған сайын қала тұрғындарының күнделікті өмірі соғұрлым жақсара түседі. Шымкентте бұл тұрғыдағы жағдай қандай? Соған көз жүгіртіп өтсек.

Қаладағы жол саласындағы ауқымды құрылыстардың масштабын ескере отыра,  осы күнге дейін 1000-ға жуық маршрут қозғалысының кестелері құрылған.

Жалпы, мемлекеттік мекеме кызметінің мәні шаһардағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады.

Аталған мекеменің тағы бір қызметі ол — диспетчеризация

Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды. Егер автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, Диспетчерлік қызмет орталығы тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады. Бұл қоғамдық көлік саласыны жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында жасалып жатқан шаралар.

Ұқсас ақпараттар

КЕЗЕКТІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру