22.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

«АЙГӨЛЕКТІҢ» БИШІЛЕРІ БАСЫП ОЗДЫ

Шымкент  қаласының  атын шығарып жүрген талай таланттыларымыз жетерлік. Сахнаның сәнін келтіріп жүргендердің де басым бөлігі мен өзге де таланттарымызбен мақтана алатындығы қуантарлық жағдай.Солардың бірі «Айгөлек» Ұлттық ансамблі  кезекті жеңісімен жанкүйерлерін  қуантты.  Оқушылар сарайының мың бұралған бишілерінен құралған ансамбль   Астана қаласында ұйымдастырылған   «ITALIAN GRAND FESTIVAL» және “Гүлденген қызғалдақтар ” ІІ Халықаралық өнер байқауы-фестиваліне жолдама алған болатын. Байқауда бақ сынаған бишілеріміз үздік атанды. Қазақ мәдениетіндегі бидің орны ерекше болса, онда «Айгөлек» тобының төл өнерімізге қосқан үлесі орасан. Өйткені, мұнда балалар үшін би техникасы мен теориясын жастайынан ұғынып, эстетикалық жоғары тәлім алуына мүмкіндік зор.  Шынашақтайынан шыңдаған шәкіртің өсіп-өніп, еңбекті ақтаса – мақтаныш. Халық қошеметіне айналса – абырой. Ал, мемлекет тарапынан бағаланса – кәсіби маман атанғаны. Бұған дейін де  қала билігінің ілтипатына ие болған ұжым бүгінгі мерейтойда да ықылас гүлі мен алғыс хаттарды алып, бір марқайып қалды. Айтулы кеште ансамбль қорында сақталған тамаша билер орындалды. «Астана Опера-Балет» ұжымы,  Алматыдағы хореографиялық оқу орны  және жергілікті «Шаттық», «Қазына», «Қаракөз» секілді «Айгөлектің» әріптестері де мерейтойдың жақсы өтуіне ат салысты.

Олар халықаралық байқаудың  «ГРАН ПРИ» жүлдесімен оралды.

— Біз өте қуаныштымыз. Бас бәйгені еншілеп отырмыз. Қарсыластарымыз да осал болған жоқ. Бірақ, біздің би ансамбліміздің ерекшелігі – бір қазақтың ғана емес, өзге де ұлттың билерін кәсіби тұрғыда билей аламыз. Және костюмдеріміз де ешкімдікіне ұқсамайды»,-деді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Райхан Каланова   шәкірттерінің жетістігіне қуанып.

Өз кезегінде талдырмаш бишілер де алдағы уақытта да еліміздің атын шетелге танытып, намысты қолдан бермейтіндіктерін айтып, жетекшілеріне алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

smarttop

«Жер алып беремін» деп тұрғынның 2.000 000 теңгесін алдап алған күдікті ер адам анықталды

smarttop

АВТОБУСНУЮ ПРОБЛЕМУ ШЫМКЕНТЦЕВ РЕШИЛИ ПОСЛЕ ВСТРЕЧИ С АКИМОМ

smarttop

Пікір қалдыру