1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Қоғамдық көліктерді жаңарту

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетуде, күнделікте маршруттарға 873 автобус шығады (жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды). Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысады.

2019 жылы 300 жаңа автобус, 2020 жылы 590 жаңа автобус сатып алынды, қазіргі уақыттта автобустардың барлығы қалалық тұрақты маршруттарда қызмет көрсетуде.  Жылжымалы құрамының пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 596 автобус, 5 жылға дейін 404 автобусты құрайды.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің айтуынша, осынау бағдарлама аясында биыл екінші кезеңмен  сыйымдылығы үлкен, сығымдалған табиғи газбен (метан) жүретін 590 жаңа автобусты қар­жылық лизингке алу көзделуде. Қазіргі таңда  50 автобус әкелінген. Автобустар отандық өндіруші «СарыарқаАвтоПром» АҚ-да жи­налған.Үшінші мегаполистегі жо­лаушылар тасымалының жұмы­сын жақсарту мақсатында жыл басынан бері мамандар тарапынан жүргізілген зерттеуде сауалнамаға қатысқандардың 75 пайызы қо­ғамдық көлікті жаңғырту қажетіне мән берген. Себебі жолаушыларды тасымалдау жүйесінің бейбе­рекетсіздігінен  бір көшеге бір­неше маршруттың шоғырлану мәселесі туындаған. Салдарынан аялдамаларда автобустар бір-біріне кедергі жасап, тасымалдаушылар арасында бәсекелестік туындап, ал жолаушылар сол көшелерге көптеп жиналуға мәжбүр болуда.

Қазақстан Республикамыздың Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, отандық өндірішулерден шығарылған автобустарды пайдалануы тиіс. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген 890 автобус отандық өндіруші «СарыарқаАвтоПром» АҚ-нан лизингке алынды.

Автобустарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы «МАН Оңтүстік» ЖШС-гі 6 Ютонг маркалы автобус,  «Автоимпульс» ЖШС-гі  3 ЛИАЗ маркалы автобус және «МиР и Со» ЖШС-ге 5 Газель НЕКСТ автобусын аталған тасымалдаушы компаниялар өз есебінен сатып алды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 16 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ АҒЗАСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ЕМХАНАЛАРЫНА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру