Өздеріңізге мәлім, 2020 жылы қалалық мәслихатпен Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Схемаға сәйкес, 78 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және 6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандары мен тұрғын алабтары қоғамдық көлікпен 100% қамтылды.
Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, қаланың жаңа және шалғай шағын ауданы мен тұрғын алабтарына келесі маршруттардың жұмысы ұйымдастырылды:
— №17,66,75 маршруттары – «Тұран» шағынауданына;
— №71 маршруты – «Қызылсу» тұрғын алабына;
— №206 ш/а маршруты – «Абдулабад» шағынауданына;
— №139 маршруты – «Тассай» тұрғын алабына;
— №180 маршруты – «Көкбұлақ» тұрғын алабына;
— №16,№43 маршруттары — №276 орамға;
— №52, №149 маршруттары – «Асар-2» шағынауданына;
— №61, №45 маршруттары — «Нұршуақ» шағынауданына;
— №66 маршрут – «Батыс» шағынауданына.
Жолаушылар ағынының жоғары болуына байланысты, маршруттардағы сыйымдылығы орта Анкай маркалы автобустардың орнына сыйымдылығы үлкен Ютонг маркалы автобустарға ауыстырылды және келесі маршруттарда қызмет көрсетуде:
— №15 маршрут Таскен шағын ауданына;
— №21 маршрут Құрсай шағын ауданына;
— №113 маршрут Оңтүстік және Нұрсат шағын аудандарына;
— №133 маршрут Ақ Ниет шағын ауданына;
— №158 маршрут Самал шағын ауданы, № 18, 17 шағын аудандарға;
— №182 маршрут Азат шағын ауданына;
Бүгінгі таңда не істелді:
- Қала тұрғындарына қоғамдық көлік жұмысы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді (20 мыңнан астам респондент);
- Ағымдағы маршруттық желі мен инфрақұрылымға кешенді талдау жүргізілді;
- Жаңа маршруттық желі әзірленді: 12 жаңа маршрут құрылды, 60 бірлік оңтайландырылды және 17 тиімсіз маршрут жойылды;
- Көлік және қосалқы қызметтерді енгізу бойынша жобалар әзірленді;
- Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін (ЖТЭЖ) енгізу жобасы әзірленді, бұл көлеңкелі айналымды қысқартуға мүмкіндік береді;
- Жылжымалы құрамды оңтайлы бөлу бойынша ұсыныстар әзірленді.