3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӘСІПКЕРМЕН СҰХБАТ

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас кәсіпкер Омар Сағдат Абдімәлікұлы Shymkent жоғары педагогикалық колледжі студенттерімен кездесті.
Іс-шараның мақсаты- Қаламыздағы жас кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыз жастардың санын азайтып, өз кәсібін ашуға баулу. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауымен кәсіп бастауға болатындығын насихаттау.  Ел ауқымында кең етек жайған бағдарлама – «Бастау» жобасы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының құрауышы «Бизнес Кеңесші», «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобалары туралы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері ақпараттандырып, бизнес негіздеріне оқуға шақырды. Жастардың назарына өз замандастары жүзеге асырған жобаларды таныстырды.Кездесу соңында жастар кәсіп ашуда және жүргізуде тап болған кедергілерімен бөлісіп, қаржы институттары басшыларына тікелей сұрақтар қоя алды. Өз кезегінде, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік бастамасы бар жастардың сауалдарына жауап беріп, тегін оқыту және бизнес-жоспар әзірлеуге, қаржы көздеріне қол жеткізуге, немесе мемлекеттік грант байқауына қатысуға сүйемелдеуге көмектесетін жеткізді. Онда жас қолөнершілердің туындылары қойылатын болады. Жергілікті халық пен туристер сол аллеяға барып ұлттық төл өнерімізбен танысыып қана қоймай, бір жерге шоғырланған таптырмас бұйымдарды сатып алуына да мүмкіндік туады.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің алдында кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары және бизнес жүргізудің қыр-сырын, бизнесмен сипатын шыңдайтын табыстар мен сәтсіздіктер туралы өз тәжірибесімен және жетістік құпияларымен бөлісті. Табысты кәсіпкердің басты қасиеттері еңбекқорлық, өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру екенін атап өтті. Студенттер өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: АКИМ ГОРОДА ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ СМИ

smarttop

«Жер алып беремін» деп алдаған ер адам анықталды

smarttop

БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 2 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру