


Білікті мамандары жеткілікті және базасы жоғары бұл оқу орны тек Оңтүстік өңірі ғана емес, республика мәдениет және өнер ордаларының кадрлық сұраныстарын қанағаттандырып отыр.
Соңғы жылдары факультет және аталған кафедрамен театр тығыз байланыс орнатып, келісім-шарт негізінде дуальды оқыту, лаборатория, практика базасы ретінде жұмыстар атқаруда. Театрда аталған кафедраның филиалы ашылған. Білім беру бағдарламасын театрмен келісіп жасау, кәсіптендіру пәндерін театр өміріне, көрермендердің талап-тілегіне орай дайындау жақсы жолға қойылған. Театрдан арнайы жай, кабинеттер бөлініп, студенттердің кәсіби пәндерін театрда өткізуге мүмкіндік жасалған.