22.3 C
Шымкент
Пятница, 24 апреля, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУЫ МҮМКІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУДА ЖҮРУДЕ

Ауа райының қолайсыздығынан қаламызда жауын шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су басу қауіпі бар аумақтар әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалардың бақылауында. Қазіргі кезде арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмыстары жүргізілуде.
Су тарту және тазалық жұмыстарына «Build stroi» мердігер мекемесі тарапынан — 11 су көлігі, 1 камаз ассенизатор, 3 газ-53, 15 мотопомпа және 8 бригада (32 жұмысшы), «Жасыл жер» мердігер мекемесі тарапынан — 13 су көлігі, 6 мотопомпа, 1 асенизатор, 27 жұмысшы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда су алу қауіпінің алдын алу шаралары жүргізіліп, ирригациялық жүйелер мен су арналары тазартылуда. Жағдай Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан тұрақты бақылауда.
Әл-фараби ауданында  судан тазарту жұмыстары тұрақты жүруде. Әл-Фараби ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан әкімшілігінің қызметкерлері мен мердігер мекемелерден кезекші бригадалар құрылды. Олар су басу қаупі бар аймақтарда жұмыс атқаруда.
Бірінші кезекте су басу қауіпі басым аумақтар – Сәуле ша.а Тұмарлы көшесі, Жеңістің-50 жылдығы, Ынтымақ, Ақмешіт көшесі, Самал-2 ш.а. Байдала көшесі, Жанкент және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысы, Орталық аумақта Ж.Тәшенов пен Тәуке хан даңғылы, Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылыс айналма жол, Т.Айбергенов көшелері бақылауға алынды.
Жаңбырдан жиналған суларды тазарту үшін «Build stroi» ЖШС-ы тарапынан — 5 Камаз бочка, 2 мотопомпа, 15 жұмысшы жұмылдырылды.
«Байтерек» ЖШС-ы тарапынан — 4 камаз бочка, 3 мотопомпа, 10 жұмысшы тартылды.
Сондай-ақ, ирригациялық арықтарды тазарту жұмыстары да қатар атқарылуда.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай бақылауда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БҮГІНГІ ТАҢДА ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ 429 БАЛА ДЕМАЛЫП ҚАЙТТЫ

smarttop

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОТБАСЫ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕДІ

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ: ҒЫЛЫМ МЫҚТЫ БОЛСА, МЕМЛЕКЕТТЕ ДЕ ҚУАТТЫ БОЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру